Жасыл Экономика

2006 жылдан бастап «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысының Кентау қаласында жұмыс істейді.

Ұйымның миссиясы: Потенциалды дамыту және осалдығын төмендету, сондай -ақ қолайлы экологиялық және адамдық ортаны құру арқылы халықтың, әсіресе әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосу, ауыл жастарының белсенділігі мен еріктілігін арттыру, патриоттық сезімдер мен ынтымақтастықты қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиясын сақтау.

Қызметтің басым бағыттары:

  • Әлсіз топтарға қолдау көрсету
  • Аймақтың тұрақты дамуы үшін биоәртүрлілік пен табиғи экожүйелерді сақтау
  • Климаттың өзгеру себептерін болдырмау немесе азайту

Қоғамдық бірлестік экологиялық жобаларды Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен серіктестікте атқарып келеді.

2006 жылдан бері әр түрлі халықаралық және жергілікті қорлар мен ұйымдардың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын аймақтық ҮЕҰ-ны дамытуға бағытталған жобаларға қатысып көптеген қолдау табуда. Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық бағдарламасы аясында «Береке» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын «Түркістан аймағындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында, 2019 жылы «ЭКО Атамекен» қб «Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың әлеуетін күшейту» тақырыбында жастар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің зияны мен салдары туралы хабардар болуға бағыттап, оның барысында қауымдастық өзінің әлеуетін айтарлықтай арттыра алды.

Осы жылдар ішінде жинақталған барлық білім мен тәжірибе ұйымға әртүрлі жергілікті қорлар мен халықаралық ұйымдардың жарыстарына кең көлемде қатысуға мүмкіндік берді. 2019 жылы мүгедектерді қолдау мақсатында қауымдастық мүшелері мен қызметкерлері ВЕШЕНКИ саңырауқұлақтарын өсіруге арналған жылыжай ашудан тұратын «саңырауқұлақ стартапын» іске қосуға шешім қабылдады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры » АҚ есебінен шағын бөлмеде саңырауқұлақ споралары бар контейнерлері бар бірнеше тіректер орнатылды. Саңырауқұлақтарға күтім жасау үшін есту қабілеті нашар және көзі нашар көретін екі жас мүгедек жігітті жұмысқа шақырды, олар көп ұзамай сурдоаудармашының көмегімен балалардың бірінің анасынан жұмыстың барлық қыр-сырын үйретті және қазір өздерінің хоббилеріне өте мұқият қарайды. Қазіргі уақытта өз жұмыстарына жауапты қарап жалақы алып отыр, отбасыларына көмектеседі және өзін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінеді. Осылайша, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына түрткі болды.

2020 жылы «ЭКО Атамекен» қб Дүниежүзілік экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен «Қазақстан Республикасының Түркістан облысында «жасыл» бастамалар бойынша жастар конкурстарын ұйымдастыру арқылы энергия тиімділігін дамыту және жаңартылатын энергия көздерін енгізу» жастар жобаларына байқау өткізді. Жобаның мақсаты - Түркістан аймағындағы студенттер мен оқушылардың бастамаларын кешенді жүзеге асыру арқылы «жасыл технологиялардың» әлеуетін дамыту, ал қамту аймағы - Түркістан, Кентау қалары және Отырар аудандары мектеп және колледждері.

Жасөспірімдерді белсенді қатысуға тарту және экологиялық таза технологияларды енгізу мақсатында жоба аясында жалпы білім беретін мектептер мен колледж студенттерінің бастамасымен шағын жобалар байқауын өткізу жоспарланған болатын. Байқау барысында «жасыл технологияларды» енгізу бойынша ең жақсы идеялар таңдалды, олар «ЭКО Атамекен» қб ұйымының бақылауымен және қолдауымен білім беру мекемелерінде іс жүзінде енгізілетін болады.

Ұйымның ішкі әлеуетінің артуы қазіргі кезде «ЭКО Атамекен» қб-ның 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық бағдарламасы аясында «Түркістан аймағындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асыруына ықпал етті.

Түркістан облысының 14 аймағында тренинг семинарлар өткізіліп, конкурс барысында 8 ҮЕҰ және 2 бастамашыл топ жеңімпаз атанды.10 жоба облыстың сегіз ауданында жүзеге асырылды. Оның ішінде жеңімпаз атанған 2 бастамашыл топ жастардың қызығушылығын арттыруда. Сарыағаш ауданы жастары «Жастардың жыныстық тәрбиесі және зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы сөз қозғаса Отрар ауданы жастары салауатты өмірді тілге тиек етіп жастар арасында дөңгелек столдар өткізді. Ауыл жастарының тәрбиелік маңызды істер атқаруларына көңіл толады.

Қазығұрт ауданында «Жанға сая» атты демалыс орны бой көтерсе, Ленгір қаласында жастарға арналған спорттық сквер бой көтерді. Түлкібас ауданында ауылға су жүргізіп, ардагерлер ескерткішіне гүл шоқтары отырғызылды.

Осы жылдар ішінде ұйым адам ресурстарын дамыту саласындағы әлеуетін арттыра алды, ал қазір қауымдастықта тұрақты негізде 6 қызметкер, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпорындағы жұмысқа тартылған 6 жұмысшы бар. Сондай-ақ, қауымдастық басшысының белсенді азаматтық ұстанымы, Түркістан облысының Азаматтық Альянсымен бірге үкіметтік емес сектордың мүдделерін ілгерілету мақсатында өткізетін іс-шараларға қатысуы Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі болуына ықпал етті. «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі өзін тең құқылы серіктес ретінде танытып, түрлі ұйымдармен және мекемелермен байланыс орната алды. Жергілікті қоғамдастықтардың әлеуетін дамыту, әр түрлі халықаралық донорлармен және қазақстандық ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас құру саласындағы жинақталған тәжірибе мен білім «ЭКО Атамекен» ҚБ Түркістан облысының ауылдық ҮЕҰ-на үйретуде.