Ұйымның миссиясы

-Ел-жұрттың өмірін және денсаулығын сақтау, табиғатты және айналаны қорғау;
-лекциялар, семинарлар, конференциялар, көрмелер, конкурстар;
-Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық және мәдени дәстүрлерін жаңғырту, гуманизм, және ағартушылық идеяларын жалпылау, тарату үшін қатысушылардың интеллектуалдық, қаржылық, ресурстарын, ұйымдастырушылық талпыныстарын біріктіру болып табылады;
-қоршаған орта флорасы мен фаунасын қорғау, шаруашылықтарда өндірілетін өнімдер мен өсірілетін жануарлар мен өсімдіктердің жаңа нобайлары мен түрлерін шығару, дамыту, тарату. Олардың жойылып бара жатқан түрлерін қорғау, қамқорлыққа алу, көбейту;
-мемлекеттік және мемлекеттік емес ағарту мекемелері арқылы білім беру процесіне қатысу;
-мәдени мекемелерді, ұйымдарды және мәдениет, өнер, ғылым, білім беруі, сурет және музыка өнері, кино, театр, мұражай, кітапханалар қызметкерлеріне ұйымдық, құқықтық, әлеуметтік және материалдық көмекпен қолдау көрсету;
-Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жастарға кәсіп таңдау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру, көмек көрсету, жастарды жоғары оқу орындарында оқуға дайындауға мүмкіндіктерді іздеу, қоғамдық пайдалы бастамаларға және бағдарламаларға қаржылық, құқықтық қолдау көрсету;
-қайырымдылық акцияларына қатысу;
-азаматтардың әлеуметтік , заңгерлік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғау, белсенділігі мен ынталылығындамыту, әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдеріне қолдау көрсету, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
-халықтың, оның ішінде әсіресе осал топ өкілдеріне (жастар, балалар, мүгедектер, мүгедек балалар, сотталғандар, түрмеден босатылғандар, есірткіні инемен тұтынушылар, секс қызметкерлері, әртүрлі мигранттар, оралмандар, жалғызбасты аналар, жұмыссыздар, жәбірлеу қылмыстардан, сонымен қатар адам саудасынан зардап шеккен тұлғалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, зейнеткерлер, ардагерлер) әлеуметтік психологиялық оңалту, сонымен қатар заңгерлік, құқықтық және әлеуметтік көмек алуға жәрдем беру;
-әлеуметтік қызмет көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әр-түрлі
іс-шаралар, санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу;
-жарғылық мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
-кәсіпкерлік қызмет Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүргізіледі;

b.
Түркістан қаласы және облысқа қарасты аудандардағы ҮЕҰ, жастар, әйелдер, мүгедектер, сонымен қатар қоғамның осал топтары, жергілікті қоғамдастықтың барлық өкілдері, волонтерлер барлығы 150 адамнан кем емес.

c. Ұйымның өсуіне әсер ететін институционалдық дамудың басым проблемаларының қысқаша сипаттамасы:

Жобаның өзектілігі- бүгінгі таңда жергілікті ҮЕҰ- дар әртүрлі мақсаттардағы жобаларға қатыса алмауда. Өйткені олардың қажет ақпаратты дер кезінде алу мүмкіндігі шектеулі. ҮЕҰ- дар мен жергілікті билік орындарының арасында тығыз байланыс орнатуға Ақпаратты ресурсты орталықта жеткілікті оргтехникалардың болмауы қолбайлау болып отыр. Жергілікті ҮЕҰ-дың ақпаратты базасы жасалмаған. Кейбір ҮЕҰ- дар тек қағаз жүзінде ғана болса, ал кейбіреулері жергілікті билік орындарының бірмезгілдік тапсырмасын орындаумен ғана шектелуде. Жастар арасында оларды қызықтырып, ҮЕҰ- дар жұмысына тарту жолға қойылмаған. Біздің мақсатымыз- Кентау қаласында орналасқан барлық ҮЕҰ- дар біріктіру. АРО барлық жергілікті ҮЕҰ арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізеді. АРО жергілікті ҮЕҰ мүшелеріне әртүрлі құжаттарды даярлап, жобаларға қатысатын тапсырыстар жасауға кеңес береді. АРО орталық жергілікті ҮЕҰ- дар мен облыстық және Республикалық деңгейдегі ҮЕҰ- дар арасын байланыстыру құралы болып табылады. Жоғарғы ҮЕҰ- дан түскен ақпарат шұғыл түрде жергілікті ҮЕҰ-ға, жергілікті ҮЕҰ- дан шыққан ақпараттар жоғарыдағы ҮЕҰ-ға шұғыл түрде беріліп отырады. Жергілікті ҮЕҰ өкілдері өздерінің кәсіптік деңгейін оқу және кеңестер алу арқылы көтеріп отырады.