Институционалдық дамудағы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұсынылатын жоспар:

Жоба атауы: Жергілікті ҮЕҰ-ның институттық дамуы азаматтық қоғамының дамуы Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жергілікті ҮЕҰ әлеуетін күшейту арқылы демократиялық қоғамды дамыту. Институционалдық даму бағытында еріктілер, эко клубтарын құрып, дамыту. Жергілікті ҮЕҰ-дар потенциалын нығайту арқылы азаматтық қоғамды дамыту, Ақпаратты- ресурстық орталықта жастардан волонтерлық клуб құрып, оны дамыту. Бұл үшін біз барлық жергілікті ҮЕҰ- мен, билік орындарымен және жастардың белсенді бөлігімен тығыз байланыс орнатып, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын істер туралы жоспар құруымыз қажет. Жоба басталар алдында жоғарыда аталған қауымдастық мүшелерімен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылады. ҮЕҰ мүшелері және жастардың белсенді бөлігі өкілдерімен жергілікті қауымдастық өкілдерінің азаматтық қоғамды дамытуға, қоғамның әртүрлі секторлары арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында және азаматтық көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін әртүрлі мақсаттағы тренингтер ұйымдастырылады.

Жүргізілген тренингтер мен волонтерлер клубын құру арқылы жергілікті жастардың қоғам өміріне белсене араласуы артады. Клуб мүшелері АРО арқылы медиа біліктіліктерін арттырады. АРО оқу тренингтеріне қатысып, кеңестер алу жергілікті ҮЕҰ- дың потенциалын арттырады. АРО волонтерлер клубын ашу ҮЕҰ- ға резер даярлау мүмкіндігін арттырады.

Міндеттері: еріктілер клубын құру, жергілікті ҮЕҰ мен, сондай-ақ билік, БАҚ өкілдерімен қатынастарды дамыту, тренингтер арқылы жергілікті ҮЕҰ кәсіби шеберлігін дамыту, ҮЕҰ дарға аралған кадрлар ретінде жастардың белсенді бөлігінен еріктілер оқытып даярлау.

Міндеттері: еріктілер клубын құру, жергілікті ҮЕҰ мен, сондай-ақ билік, БАҚ өкілдерімен қатынастарды дамыту, тренингтер арқылы жергілікті ҮЕҰ кәсіби шеберлігін дамыту, ҮЕҰ дарға аралған кадрлар ретінде жастардың белсенді бөлігінен еріктілер оқытып даярлау.

Ұсынылатын іс-шаралар: ақпараттық ресрустық орталық үшін жабдықтар сатып алу және орнату, жобаға арналған тақырыптық баннерлер дайындау, жоба туралы буклет әзірлеу және тарату, «Стратегиялық жоспар, Фандрайзинг » тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу.